Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 30 Мамыр, 2021

Айғайқұм маңында өрт болды

Алматы облысындағы Алтынемел ұлттық табиғи паркінің Айғайқұм төбесі маңында өрт тіркелді.  Аумақ  Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек орманшылығының 100 квартлы. Оқиғаны таңертен әуеден бақылау жүргізіп келе жатқан «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімінің ұшқышы байқап, тиісті мекемелерге шұғыл хабарлама жеткізді.

Өрт 15 гектар аумақты шарпыған. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшқышының шұғыл хабарламасынан кейін, оқиға орнына Еңбекшіқазақ ауданы ТЖҚ мен Шелек орманшылығынан 1 трактор мен өрт сөндіру көлігі,  10 шақты адам жұмылдырылды. Өрт таңертен басталған. Түске дейін төтеншеліктер өрттің жанып келе жатқан аумағын толық ауыздықтады.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімінің басшысы:

-Бүгінгі әуе бақылауымыздағы өрт уақытында сөндірілді. Аталған оқиға адамдар қатысуымен орын алды деп ойлаймын. Өйткені, Іле өзенінің осы тұстағы аралына көбінесе балықшылар барады. Тек қайықпен, көпір, жол салынбаған. Қураған шөп пен қамыс өртке қауіпті. Сондықтан, өрт антропогендік фактордан орын алды деуге себеп бар. Осы аптаның өзінде Іле өзені жағасында 3 осындай жағдай орын алып, дер кезінде ауыздықталды. Бүгінгі оқиға ұшуымыздың бірінші сағатында тіркелді.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

1456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз