Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 01 Маусым, 2021

Алматының таулы аймақтарында өрт қаупі жоғары

Алматы облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы сақталып отыр. Ал аймақта еліміздегі ең танымал мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен орманшылықтар орналасқанын ескерсек, оны көздің қарашығындай сақтап қалудың маңызы зор. Сондықтан да «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшқыш-бақылаушылары күні бойы орман күзетін әуеден бақылайды.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімінің кезекті жұмысына біз де қатысып, бес сағат бойы әуеден орманды күзету жұмысына куә болдық. Олармен жерге қайта оралғаннан кейін, бақылушы-ұшқыштар аздаған үзіліс жасап тағы да әуеге көтеріліп кетті. Олар өрт қауіптілігінің жоғары деңгейінде күніне  10 сағаттан аса ұшуларына тура келеді. Мәселен, аталған бөлім  басшысы Бауыржан Төлепбергенов бір күнде Іле Алатауы, Шарын, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шелек, Жаркент, Ұйғыр, Кеген орманшылықтарын өрттен қорғау жұмысын орындайды. Жұмыстың жауапкершілігі жоғары. Сондықтан кез-келген нүктені мұқият қарап өтеді. Аздаған түтін байқалса болғаны, жердегі орман күзеті мен төтеншеліктерге хабар түсіреді. Кейде өртті жергілікті әкімшілік сөндіре алмаған жағдайда, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-нің бірінші санаттағы тікұшағы жұмылдырылады.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімінің басшысы:

-Құдайға шүкір, биылдықта таулы аймақтарда бір ғана орман өрті тіркелді. Өрттің аумағы өте шағын ғана болды. Қазір бізде жоғары сыныпты өрт қауіптілігі көрсетіліп тұр. Бұлтты, жаңбырлы күндер болғанымен, жаңбыр әр қалай жаууда. Сондықтан, жоғарғы сынып сақталып отыр. Біз өрттің бірінші сыныбында ұшпаймыз, екінші сыныпта бір күн ұшсақ, келесі күні демаламыз. Ал қазір төртінші сынып. Сондықтан күніне 2 рет ұшамыз. Бесінші сыныпта, тоқтаусыз ұшулар жүргізіледі. Биылдыққа Алматы авциация бөліміне-960 сағат ұшаққа, екінші, төртінші сыныптағы тікұшаққа-222, бірінші сыныпты тікұшаққа-80 сағат бөлінген. Орманды өрттен сақтайық!  

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

1919 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз