Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 03 Маусым, 2021

Ынтымақ түбі – игілік

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімнің бас ­маманы Әбілқайыр Оралов өңірдегі этномәдени байланыс және атқарылып жатқан игі шараларға қатысты сауалымызға жауап берді. 

– Жетісу өңірінде жүзден аса этнос өкілі тұрады. Облыстық Ассам­блеяның активінде қанша этномәдени бірлестік, қоғамдық келісім кеңесі бар? Олар қандай мәселелерді қарастырады, жергілікті қоғам өміріне қалай араласады?
– Алматы облысында ынтымағы жарасқан жүзден аса этнос өкілі тұрады. 69 этномәдени бірлестік, оның ішінде: 24 облыстық, аудандардағы 38 және қалалардағы 6 ­филиалы тіркелген. Елімізде тұратын ­этнос өкілдеріне өз мәдениетін ­дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға барлық жағдай жасалған. Облыстық Қазақстан халқы ­Ассамблеясы ­жанында тұрақты негізде ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып ­бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың ­клубы, облыстық Аналар, Қоғамдык келісім кеңестері, өңірлік «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штабы, «Парасат» тіл жанашырлары, «Айбын» әскери-патриоттық клубтары, «Өрнек» би ансамблі жұмыс істейді.
Алматы облысы атынан, республикаға танымал қоғамдық пікір көшбасшылары болып ­саналатын 28 адам Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 102 адам бар, олар тек ­облыста ғана емес, республикаға танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір мен этностардың көшбасшылары.
Олардың арасында: 2 академик – география ғылымының ­докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ­ректоры Қ.Баймырзаев, Абай атындағы ҚазПУ профессоры, педагогика және акмеология ғылымдарының докторы Г.Хайруллин, 2 ғылым кан­дидаты: «Қазақстан корейлері Ассоциациясының» Талдықорғандағы филиалының төрағасы В.Ли, облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Осман.
С.Гаитова – «Ұлағат» ақсақалдар кеңе­сінің мүшесі, Ш.Асиев – облыс­тық «Ахыска» түрік этномәдени бір­лестігінің төрағасы, Л.Хочиева облыстық «Балкария» балкар этномәдени бірлестігінің кұрметті төрағасы, А.Осман – «Алматы облысының Құрметті ­азаматтары».
Облыстық мәслихаттың құра­мында Ассамблеядан 1 депутат – У.Касанов және аудандық және қалалық мәслихат депутаттары арасында облыстық Ассамблеяның 8 мүшесі: Е.Кан, К.Нестеров (Текелі қаласы); К.Власенко (Алакөл ауданы); Н.Надыров (Еңбекшіқазақ ауданы), Р.Абилова, С.Чатуев (Іле ауданы), Ш.Гусенов, А.Бузыкин (Көксу ауданы) бар.
«Нұр Отан» ХДП облыстық ­фи­лиалының саяси кеңесінің құрамына Ассамблеядан Л.Хочиева, С.Гаитова енгізген.
Ассамблея мүшелері арасында мемлекеттік марапат иегерлері: «II дәрежелі Достық» орденімен ­Асылы Осман, Владимир Молодцов; «Парасат» орденімен А.Бузыкин, О.Жақиянов, «Құрмет» орденімен В.Ли, Ш.Асиев, «ІІІапағат» медалімен К.Хан, И.Камилов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ш.Асиев, А.Бузыкин, Г.Тұрсынбай.
Облыстық Ассамблеяның 51 мүшесі қоғамдық «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.
2025 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту Тұжырым­да­масына сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген.
Барлығы – 411, 1 – облыстық, 20 – аудандық, қалалық, 382 – ауылдық деңгейде, 8 ірі кәсіпорындарда Қоғам­дық келісім кеңестері жұмыс атқарады.
Кеңестің негізгі міндеті – Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін орындау және мақсаттарына қол жеткізу үшін азаматтық ұстаным негізінде қоғамдық институттар мен саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа да бірлестіктерді қазақстандық бірлік пен бірегейлік идеясы төңірегіне топтастыру.
Құрамына қоғамдық пікір көш­басшылары, қоғамдық бірлес­тіктер төрағалары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Төрағасы танымал қоғам қайраткері Оралбек Жақиянов. Күнделікті қоғам өмірінде әртүрлі жағдайларға дер кезінде назар аударып, тұрақтылық жүйесін қалыптастыруға игі әсерін тигізуде. Дана халқымызда: «Үдере көшкен уығын сындырады, бірлігі бекем жұмысын тындырады» деген қанатты сөз бар. Қоғамдық келісім мен этносаралық татулыққа нұқсан келтіретін оқыс оқиғалар орын алған жағдайда, Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің ­мү­шелері бірлесіп нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді.
– Облыстық Қазақстан халқы ­Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып берсеңіз.
– Отбасында толерантты тәрбие беру жөніндегі Аналар кеңестері: Алматы облыстық Аналар кеңесі 2013 жылы құрылған, жалпы кеңестер саны – 266, оның ішінде: 1 – облыстық, 17 – аудандық, 3 – қалалық. 245 – ауылдық, мүшелер саны – 1502.
Облыстық Аналар кеңесі ұлт болашағы жастарды отансүйгіштікке, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға, қыздардың бойына халқымыздың ырым-тыйымдарын сіңіру мақ­сатында, көптеген тағылымды шаралар атқаруда. Сарқан ауданында «Ана-медиатор» жобасы бойынша 7 жас отбасын ажырасудан сақтап қалды. «Отбасы – береке, бірлік, ынтымақтастық бастауы» тақырыбында онлайн-конференциясы (спикер – психолог, теолог Қанат Маратұлы), «Рухтың күші – әкеде» жобасы аясында А.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінде облыстық форум өтті. Этномәдени бірлестіктердің белсенділері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын талқы­лауға арналған «Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында онлайн дөнгелек үстел өткізілді.
Облыстық ҚХА жанын­дағы Аналар кеңесінің ұйым­дастыруымен, 35-тен аса семинар, тренингтер, отбасылық құндылықтар және ұлттық салт- дәстүрлерді насихаттауға бағытталған психологтар кеңесі, кездесулер мен «Ақ орамал» акциясы өткізілді. Төрағасы «Айналайын» балалар үйі директорының орынбасары, ұлағатты ұстаз Жамал Баймадиева.
– Өңірдегі этносаралық мәселелер қалай шешімін табады? Бұл бағытта қандай жұмыс атқырылып жатыр?
– Облыстық Ассамблеяның ­жұ­мысының басым бағытының бірі қайырымдылық шаралары. Жыл басынан өткізілген әртүрлі қайырымдылық шараларда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен науқас немесе мүгедек 556 адамға 70 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
1 наурыз «Алғыс айту» күні ­ме­рекесін ұйымдастыру бойынша, облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қаратал ауданы Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында салтанатты митинг, Талдықорған қаласындағы оқушылар ­сарайында этномәдени орталықтар, ­жастар, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен, білім беру мекемелерінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай онлайн режимінде шығармалар, эссе, ­сурет салу байқаулары, тақырыптық тәрбие сағаттары өткізіліп, денсаулық сақтау мекемелерінде тұрғындарға «Ашық есік» күндері, тегін меди­циналық кеңес берілді. Облыс аумағында жастар еріктілерінің, этномәдени бірлестіктердің өкіл­дерінің қатысуымен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж 500 адамға 6 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыстық «Вайнах» ­шешен-ингуш этномәдени орталығы Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ аудандарындағы аз қамтылған көп балалы отба­сыларға және жалғызбасты қарт адамдардарға, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы Талдықорған қаласындағы 5 отбасына «азық-түлік себеттері түрінде 35000 теңге, «Туған тель» облыстық татар этномәдени бірлестігі Талдықорған қаласындағы аз қамтылған, көп балалы 5 отбасыға 50 000 теңге, «Видергебурт» облыстық неміс этномәдени бірлестігі Талдықорғандағы көп­ балалы, аз қамтылған отбасыларға және жалғызбасты қарттарға дәрі- дәрмектермен және 80 азық-түлік себеттерімен, 14 егде адамға 200 000 теңге көлемінде дәрі-дәрмектерге қаржылай көмек-өтемақы берді. Алакөл ауданында «Ляйсан» облыс­тық татар этномәдени орталығы И.Абдухаликованың басшылығымен зейнеткерлер мен ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға азық-түлік өнімдерімен қайырымдылық көмек көрсетті. Облыстық «Сафар» тәжік қоғамдық бірлестігі Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер үйінде 300 адамға арналған қайырымдылық ас ұйымдастырып, аз қамтылған 5 отбасына 95000 теңгеге 5 тонна көмір жеткізуді ұйымдастырды. «Беларусь мәдени орталығы» ҮЕҮ- ның Алматы облыстық филиалы қарттарға 25 ақпан мен I наурыз аралығында тегін шаштараз қызметі түріндегі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Элефтерия» гректер қоғамы Талғар ауданының 10 қарт тұрғынына дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттері түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Шығыс күнтізбесі ­бойынша Жаңа жыл құрметіне ­«Алматы облысының корей этномәдени бірлестігі» Талдықорған, Ескелді және Қаратал аудандарындағы кәріс этносының 50 егде адамдарына, «Күміс тамыр» қытай мәдени орталығы 4 жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеттерін жеткізді. Облыстық «Балкария» балкар этномәдени бірлестігі Қарасай ауданында 10 қарт қарияға, «Ахыска» түрік мәдени орталығының облыстық филиалына мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 42 отбасыға, облыстық армян этномәдени орталығы «Алпамыс» мүгедектерді қолдау жұмыскерлерін оңалту орталығына қайырымдылық көмек көрсетті. «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» медиация орталығы ашылып, жұмыс істеуде.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыты – бейбітшілік, достық пен азаматтық патриотизмді насихаттау. Бұл тұрғыдағы да іс-шараларыңызды атап өтсеңіздер?
– Ассамблея Ұлы дала заңына негізделген татуластыру медиация саласымен айналысып келеді. Облыс аумағында 272 кәсіби емес, 21 кәсіби медиатор тіркеліп, 16 аудан, 3 қала әкімдіктері мен соттарда 67 медиация кабинеттері ашылған. Негізінен тұрмыстық, еңбек, отбасылық, жер, мүліктік қатынастардан қылмыстық істерге дейінгі аралықты қамтиды. Алматы облысы әкімдігі мен облыстық сот арасындағы Меморандумға сәйкес, барлық аудан, қалаларда медиация орталықтары ашылып, бұл жұмысқа қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері қатыстырылады.
– Қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының әлеуетін біріктіретін «Шаңырақ», «Қазақтану», «Мың бала» және облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, түрлі этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыратын жобалары, «Мәміле» клубы жұмысы қалай жүріп жатыр?
– Қазақстан халқы Ассамблея­сының сессиясында Қазақтың бай тілін, мәдениетін, тарихын, философиялық құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру идеясы ұсынылған болатын.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп, Достык үйі – қоғамдық келісім орталығында түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді оқытудың «Мәміле» – «Ситуативный казахский» жобасы бойынша жоба авторы Қанат Тасибековтің, Тілдерді дамыту жөніндегі басқар­масының қызметкерлері, «Достык үйі – Қоғамдық келісім орта­лығының» қызметкерлері, этно­мәдени бірлестіктер мүшелері мен белсенділері, «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшелерінің қа­тысуымен салтанатты түрде ашылып, арнайы бекітілген тіл маманы жаңа үйренуші топтарды жинақтап, заманауи үлгіде жабдықталған Тіл үйрету орталығында тоқсан сайын, ұлттық дәстүрлерімізге негізделген сабақ өткізіліп отырады. «Үлкен ел – Үлкен отбасы!» жобасы аясында мерекелік форум, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы негізінде, этнос өкілдері жас­тары арасында «Тілге кұрмет – елге құрмет» челленджіне «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшелері, аудан, қалалардағы этнос өкілдерінің жастары белсене қатысты. Жыл сайын «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының аясында, білім беру мекемелерінде жаздық лагерьлер, тілдік орталықтарда сайыстар, курстар, тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстар, ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылып, қазақ тілін меңгерген балалардың санын арттыруға септігін тигізуде. Мамыр айының 27-ші жұлдызында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп өткізілген этнос өкілдері жастары арасында облыстық «Абай оқулары» онлаин байқауының қор­тынды кезеңіне 27 үміткер қатысып, байқау талаптары негізінде, үздіктер марапатталды. Этносаралық мә­селелер бойынша жетекші журна­листер мен сарапшылар клубы ҚХА қызметін ақпараттық қолдау, азаматтық біре­гейлік, патриотизм, этномәдени және конфессияаралық толеранттылық туралы материалдарды БАҚ-та жария­лауды кеңейту, журналистік этика қағидаларын сақтау, дамыту және жүзеге асыру, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық тақырыптарды қамту мәселелері бойынша журналистік қауымдастықта жауапкершілікті қалыптастыру; рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық мұраттарды қоғам­дық санада насихаттайтын және шоғырландыратын пози­тивті ақ­параттық өнімдерді (телебағ­дар­ламалар, шоулар, фильмдер, жарияланымдар, бейнематериалдар және т.б.) шығаруға ықпал ету мақсатында құрылған. Төрағасы – ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Саламович Идигов.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен 
Қ.Серікқызы

2052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз