Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 07 Маусым, 2021

Өзіңізді тексеріп көріңіз. Кімге орын бересіз?

Бұл қарапайым ғана психологиялық тест. Мамандардың айтуынша бұл сұраққа 5 пайыз адам ғана дұрыс жауап береді екен. 

Сұраққа дұрыс жауап бергендер күрделі ситуацияларда тез шешім қабылдай алатын адамдар деп есептеледі. 

Суретке зер салып қарап, ойлана жауап беріңіз. Сосын дұрыс жауаппен өз жауабыңызды салыстырып көріңіз. 

Автобуста адам лық толы. Сіз ыңғайлы орында отырсыз. Бір аялдамадан қарт кісі, аяғы ауыр келіншек және мүгедек кісі мен жас қыз мінді деп елестетіңіз. Сіз кімге орын бересіз? 

Жауап: Бірден екі адамға көмектесу үшін аяғы ауыр келіншекке орын берген жөн. Сіз тұрып қарт кісіні сүйемелдеп тұрасыз. Ал жас қыздың мүгедек кісіні сүйемелдеп тұруын өтінесіз. Осылайша төрт адамға көмек қолыңызды бірден созуға болады.

Психолог мамандар әр адам осылай сергектік танытып, қоғамды ізгілендіруге өз үлесін қоса алады дейді. 

 

 

 

2050 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз