Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 10 Маусым, 2021

МЕНІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ НЫСАНАМ – БАЛАЛАРДЫ КІТАПҚҰМАР ЕТІП БАУЛУ

Биыл Президент тапсырмасымен «Балалар әдебиетін қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай «Жыл – он екі ай» журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлымен балалар басылымы және оның қазіргі жағдайы жайлы әңгімелескен едік.  

 

– Сіз басқаратын «Жыл – он екі ай» журналының 100-ші саны шыққалы жатыр екен. Журналдың тарихынан аз-кем хабар беріп өтсеңіз.
– «Жыл – он екі ай» бір кездері ­«Жазушы» баспасының жанынан ­жылына бір рет шығатын әдеби-танымдық күнпарақ кітап болған. Ол алпысыншы жылдардан бастап жарық көрген. Бердібектердің, Мұз-ағаң – Мұзафар Әлімбаевтардың жас кезі. Кітап жыл мезгілдеріне байланысты құрылатын. Қаңтардан басталады. Әр ай бойынша берілетін мазмұнымен ерекшеленетін. Ол кезде мерейтойлар көп, саясиланып шығатын еді ғой. 1 мамыр, 7 қараша, Лениннің туған күні, Пионерлер күні – солардың бәрі де қамтылатын. Сосын бұнда атақты кісілерге арнап танымдық материалдар беріліп тұратын. Соның өзінде үлкен таралыммен кітап болып қолға тиетін. Сөйтіп, осылай 30 жыл шығып тұрды. Нарық заманы келген соң, он жылдай шығуын тоқтатты. 2001 жылы Мұзафар Әлімбаев, Құрманбай Толыбаев ағаларымыз: «Ақыры кітап шығарып жүрсің ғой. Осы «Жыл – он екі айды» қолыңа алшы. Бұл өте бір керекті басылым еді. Соған бір кездері өзің де автор болып атсалыстың ғой» деп қолқалады. Сөздерін құп алып, жұқа мұқабалы кітапты 7 мың данамен шығардым. Жер-жерден хаттар қаптады, телефон шалған оқырман: «Алматыдағылар ғана алады. Біз ауылдағылар қалай аламыз?» деген уәждерін айтты. ­Сонымен, 2001 жылы журнал ретінде тіркеттім. Енді кім жазылам десе, жазылып алатын әдеби-танымдық күнпарақ журнал. Алғашқыда екі санын шығардым. Біріншісі дәстүрлі басылым ретінде жүйеленді, ал екіншісі, негізінен мектептегі мерекелерге арналды, сценарийлік материалдардың арасында балаларға арналған әдеби дүниелерді көптеп бердім. Қарап отырсам, оның өзі де аздық ететін секілді көрінді. Содан үшінші жылы жыл маусымдарына байланысты көктем, жаз, күз, қыс деп төрт санын шығардым. Жазылушыларға әр тоқсан сайын барып тұратын болды. Күндердің күнінде ол да аз боп көрінді. Міне, он бес жылдан бері басылымымыз жылына алты саннан шығады. Оның бірінші саны мен алтыншы саны аралық басылым ретінде құрастырылады. Қалғандары әдеттегідей жыл маусымдарына байланысты жарық көреді. 96 беттік басылымның әр саны бір-біріне ұқсамайтын, қызықты материалдармен жарық көруде. Алла жазса, бірер күнде «Жыл – он екі айдың» жүзінші саны қолға тиеді. 
Бұл жерде тағы бір айтатын нәрсе, журналда романнан да үзінді береміз. Жанрлары жан-жақты. Негізінен, ­балалар жазушылары мен ақындарын қамтимыз. Сосын әлемдік балалар әдебиетінен әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар береміз. Танымал қаламгерлерден бөлек, балалардың да ертегі, әңгіме, жаңылтпаш, жұмбақ, санамақ, өлеңдері мен мазақтамаларын барынша қамтимыз. Танымдық материалдар да көптеп беріледі. Сондай-ақ ғибратқа толы діни әңгімелерді «Дін-ісләм дәрістері» деген атпен үзбей ұсынамыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл үлкендерге де, кішілерге де – бәріне ортақ басылым.
Бүгінде балалар орысша сөйлейді, өз ана тілін жөнді білмейді дейміз ғой. Менің ең негізгі нысанам – ­балаларды кітапқұмар етіп баулу. Балалар тілді білуі үшін тілге байланысты да танымдық ­материалдар ­жариялаймыз. Салт-дәстүрге қатысты, табиғат құбылыстарына байланысты қысқа-нұсқа материалдарға да ерекше мән береміз.
Авторларға келсек, әлгінде айтып өткенімдей, ол құрамның ішінде балалардың өздері де бар. Мысалы, менде «Балдырған» журналының жиырма жылдық тігіндісі жасалған. Балаларға қатысты шығып жатқан кітаптарды да жинақтап отырамын. Бізде көптеген жылдан бері қалыптасқан өте бай балалар әдебиеті бар. Таңдап отырып, әр авторды қайталамай, нөмір сайын жаңартып беріп отырамын. Журналдың әр санында 60-70 автордың материалы қамтылады. Оның ішінде, бақилық болған ақын-жазушыларды да ұмытпаймыз. Содан кейін мате­риалдардың көлеміне айрықша мән беріп, машинкалық бір-бір жарым беттен асырмаймыз. Бас-аяғы жинақы ертегі, әңгімелерді балалар қызыға оқиды. Берілетін қай материалдың да тілі жеңіл, балғын оқырмандардың ­ойына қонымды болып келеді. Сол себепті «Жыл – он екі айды» оқыған үлкен де, кіші де әрдайым ризалықтарын білдіреді.Басылымымызда ескіретін материалдар жоқ. Сондықтан ұқыпты сақталған журналымызды атасы, одан кейін баласы, немересі де оқиды. Басылым бәріне қызмет ете береді. Журналымыздың осы ерекшелігін ескере отырып, ең бірінші санының беташар мақаласын жазған Мұзафар Әлімбаев: «Бұл ескірмейтін есті кітап, қыздың жасауына қосатын кітап» деп, ақ жол тілеп еді.
– Біз өзіміз «Балдырғанды» оқып өстік. Онда үнемі жазып тұратын авторлар болатын. Ал сіздің журналдың тұрақты авторлары бар ма? Болса, олар кімдер?
– Тұрақты авторлар, негізінен, біздегі балалар ақын-жазушылары. 
Бізде балалар ақыны да, жазушысы да көп. Олардың қатары толығып келе жатыр. Мысалы, Сұлтан Қалиев ағамыз көзі тірі кезінде тұрақты араласатын еді. Осыдан төрт-бес жыл бұрын Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада «Жыл – он екі айға» арнап үлкен жиын өткіздім. Оған Қызылордадан оқушылар кеп қатысты. Солардың материалдарын жарияладым. Оларды не қызықтырады? Журналдың қалай боп шыққаны жақсы? Қай бағытта болу керек? Міне, осы сұрақтар төңірегінде оқырмандармен бетпе-бет пікірлесіп отырып ой қорыттық. Сол жиынға ақындар Байбота ­Қошым-Ноғай, ­Болат Үсенбаев, Болат Шарахымбай, балалар жазушылары ­Бейсенбай Сүлейменов, Сәбит Дүйсенбиев, Құл-керім Елемес, Серік Нұғыманов және басқалар қатысты. Бұлардың бәрі менің тұрақты авторларым. Облыстарда да авторларым баршылық. Атап айтар болсам, қызылордалық Жеткерген Әбдірейұлы, шымкенттік Қожагелді Исаев, алматылық Есенәлі Ералы, нұрсұлтандықтар Көпен Әмірбек, Құдиярбек Ағыбайұлы мен Толымбек Әбдірайым, тараздық Лесбек Сайлаубек, талдықорғандықтар Асхат Өмірбаев, Айман Кәріпбаева, міне осылардың қай-қайсысы да бұрыннан балалар тақырыбында жазып жүрген танымал қаламгерлер. Сол секілді мектептің мұғалімдері де белсене атсалысады.
– «Жыл – он екі айды» журнал деп айту маған кейде қиянат сияқты көрінеді. Бұл кішігірім кітап» деген екенсіз...
– Бұлай деуіме қаншама қалам­герлердің шығармаларын қамтитын әр басылымымыз себепкер. Бүгінде үлкендер үшін «Жұлдыз» журналы қалай қызмет етсе, біздің «Жыл – он екі айымыз» да балғын оқырмандарға дәл солай қызмет етуде. Мақтанғаным емес, басылымымыз таза ұлттық идеологияға құрылған. Балалардың ойы таза, өрелі болып өсуі үшін қолымыздан келгеннің бәрінен аянбай қызмет етудеміз. Соның арқасы шығар, таралымымыз басқа басылымдармен салыстырғанда шүкір дерлік, өзінің оқырманы қалыптасқан журнал. «Қазпошта» мен «Еврика пресс», «Евразия пресс», «Ернұр пресс» арқылы республикаға таратылады. 
Бізде мектептер көп қой. Әр мектеп бір-бірден жазылса деп армандаймын. Осы ойымды мемлекеттік билікте отырғандарға өтініш етіп айтып, сөзімді өткізе алмай келемін. Әр мектепке қаржы бөліп, бір-бір данадан жаздыртып беруге болады емес пе?! Аудандық, облыстық оқу бөлімі басқармалары, мектептің дирекциялары жанашырлық танытса деймін. Өкініштісі, осындай журналдың бар екенін білмейтін мұғалімдер, директорлар да ұшырасады. Ең әуелі, басылымды мұғалімдер мен директорлардың өзі оқыса, шәкірттері де кітапқұмар болып өспей ме? Балалар оқымайды деуге келмейді. Алматы, Тараз, Қызылорда мектептерін аралап, оқырмандармен кездескенде ұл-қыздардың дені «Жыл – он екі айды» білетінін көрдім. «Мен басылымның бас редакторымын» дегенде «Сіздің журналыңызды оқимыз. Өте ұнайды бізге» дейді. 
Журналдың шыққанына биыл ­жиырма жылдан асты дедім ғой. Менің жеке жанкештілігімнің арқасында тоқтаусыз шығып келеді. Осыған дейін мемлекет тарапынан бір тиын да қаржылық қолдау көрген емеспін. Қаламақы, жалақы дегеннің не екенін білмейміз. Бар мақсатым ізімізден ілескен өскелең ұрпақ рухани ашықпаса екен деген ой...
Шүкір, еңбегіміз елеусіз емес. Осыдан он жыл бұрын журналымыз Қазақстан Журналистика академиясының «Бала­ларға арналған үздік басылым» аталымы бойынша ең мәртебелі «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.
– Биыл – балалар әдебиетін қолдау жылы. Осыған байланысты балаларды қандай жобалармен қуантпақсыздар? 
– Өткенде «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың өзі жүргізген онлайн конференцияға қатыстым. Сондағы сөйлеген сөзім­де «Сіздер мектептерді кеңірек қам­тыңыз­даршы. Әр мектептің кітап­ханасына журналымыздың бір-бір данасынан жаздырып алуға жағдай жасаңыздаршы. Білмейтін директорлар мен мұғалімдердің көзі ашылсын. Бір нөмірін алса, кейін өздері-ақ «бізге керек екен ғой» деп жаздыртар еді» деп өтініш айттым. Енді оларға өтінішім қай деңгейде өтті, оны айта алмаймын. Бірақ біздің бар діттегеніміз – балалардың алдында өзіміздің үлкендік міндетімізді өтеп, оларға керекті материалдарды осы журнал арқылы үнемі беріп тұру. Бізде басқадай мақсат жоқ.
Биыл мектептің 8-сыныбын бітірген Мұса деген жиен балам бар. 4-5 жылдан бері сол екеуміз жұмыс істейміз. Материалдарды теретін де, сканерден өткізіп, оқитын да сол. Дизайнері – Жанар қызым. Беттейтін де, мұқаба жасайтын да сол. Материалдарды өзім іріктеймін. 
Жарық көрген жиырма жыл ішінде балаларға арналған талай әдеби дүниелер жинақталды. Соларды топтап, «Жыл – он екі айдың» кітапханасынан» деген сериямен санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер жинағын шығарғым келеді. 
– Баспасөзге жазылу мәселесі қай басылымды да алаңдатары хақ. Сіздердің журналдарыңызға жазылу жағы қалай? 
– Бұл өзі бүкіл қазақ басылым­дарының басындағы күрделі жағдай. Басылымдарға жазылуды мойнына міндет етіп алған «Қазпошта» дейтін ­мекеме бар. Оның жұмысы қазір өте ­нашар. Тарату нүктелері азайған, ауылдағы пошта бөлімшелері жабылған. Журналдар аудандарға барады, бірақ мезгілінде таратылмайды... 
– Кішкентай оқырмандарыңыздан хат келіп тұра ма?
– Қазір баяғыдай емес, электронды пошта деген бар емес пе. Бұл енді мектеп мұғалімдерінің жанашырлық әрекетіне байланысты. Солар әрекетшіл, ізденімпаз болса, балалар да соларға қарап кітапқұмар, газет оқығыш болады. Мысалы, өткенде Оралдағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Таңжұлдыз Аманшинаның мақаласы мен шәкірттерінің жіберген шығармаларын журналда жарияладым. Өздері он шақты бала екен. Бірі әңгіме, екіншісі мақала, үшіншісі жұмбақ, төртіншісі өтірік өлең, жаңылтпашын жіберіпті. Таңжұлдыз «Жыл – он екі айға» биыл да жазылдық, егер мына материалдары жарық көрсе, оқушы­ларымның бәрі қуанып қалады ғой» деп жазыпты. Міне, осындай мұғалімдерге қалай риза болмассың?! Осындай мұғалімдер емес пе біздің жанашырларымыз. Біз де өз тарапымыздан соларға адал қызмет етсек деп тырысып жатырмыз. Өйткені «Жыл – он екі ай» мектептегі «Ана тілі», «Әліппе» сияқты оқулықтарға қосымша құрал ретінде пайдаланатын журнал. Бір кездері Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясының ғылыми кеңесі талқылауынан өткен. Сонда комиссия мүшелері «Жыл – он екі айға» әдістемелік құрал деп баға берген. ­Демек, біз ғалым-ұстаздар осындай биік баға берген басылымның бәсін түсірмей шығара беруге тиіспіз. 
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
 Нұрлайым БАТЫР

740 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Александр

11 Маусым, 2021

Приветствую! Отправим Ваше коммерческое предложение владельцам/администраторам более 800 000 сайтов! Несколько плюсов работы с нами: - Приятные цены - нам выгодно, чтобы клиент получал прибыль, значительно превышающую стоимость рассылки и обращался снова - Все максимально прозрачно: Предоставим скриншоты из софта, с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. - В отличие от большинства наших конкурентов, оплата ТОЛЬКО за УСПЕШНО доставленные сообщения. Теперь перейдем к гарантиям. Мы понимаем, что в интернете встречается всякое, поэтому чтобы Вам было спокойнее: 1)Перед рассылкой мы предоставим скриншот из программы с Вашим проектом, подтверждающий готовность к запуску 2)Во время рассылки у Вас будет доступ к обратному емайлу, чтобы Вы могли отслеживать процесс рассылки в онлайн-режиме 3)По завершении рассылки отправим скриншоты с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. Заинтересовало? Свяжитесь с нами в течение суток и в качестве бонуса, получите бесплатное составление оффера для Вашей рассылки! Наш E-mail: [email protected] ВАЖНО: Пожалуйста, в сообщении указывайте Ваш контактный ватсап либо телеграм, для удобной и более оперативной связи. Названивать или использовать Ваши контакты для какой-либо другой цели, кроме оперативной связи мы не будем. P.S. Извините за беспокойство, если мы с Вами уже сотрудничаем. С Уважением, команда FormMarketing

AntonVlasow

15 Маусым, 2021

Всегда рады предложить наши профессиональные услуги: "Ликвидация интернет-сайтов ваших конкурентов!" Спрашиваете, как?! - У нас опыт - десять лет. - Уникальная разработка. - Наращиваем большую ссылочную массу вирусными ссылками. - Поисковики мгновенно обращают внимание на наши используемые базы. - Размещенные тексты на веб-сайте спамятся, что сразу делает их неуникальными. - У наших экспертов очень большие возможности и многолетний практический опыт в данной сфере. Стоимость услуги 80$ Полная отчётность. Оплата: Qiwi, Yandex.Money, Bitcoin, Visa, MasterCard... Telgrm: @exrumer Skype: xrumer.pro WhatsApp: +7(977)536-08-36 электронка: [email protected] Только эти! А тАкож Работаем со Студиями!

hclickscomtgfb

16 Маусым, 2021

Здравствуйте! А почему Вы не монетизируете свой сайт kazgazeta.kz пушами? Пуши дают отличную прибавку к доходу с сайта... При этом пуш рассылки совместимы и не мешают другим вариантам монетизации, таким как контекстная реклама (к примеру, Adsense), тизеры, CPA и другие. Также, данный вид монетизации не отражается на работах по seo оптимизации и продвижению сайта, т.к. технология браузерная и не влияет на топы поисковых систем. Попробуйте https://hclicks.com - они сейчас дают пожизненные максимальные рейты, принимают все ГЕО и монетизируют весь пуш трафик, включая IOS! Делов 5 минут... а доллары капать будут постоянно :) В общем я решил просто дать маленькие рекомендации и не более того... извиняюсь, если это Вам не интересно. Ваш Платон Щукин

Денис

17 Маусым, 2021

Доброго времени суток! Меня зовут Денис, я занимаюсь веб-дизайном и ежедневно улучшаю свои навыки работы. Предлагаю обсудить переработку\доработку Вашего существующего сайта или создание нового проекта с нуля под ключ. Умею создавать от лендинга до многостраничного сайта. От статики до анимации. Специализируюсь на Tilda, могу сделать СЕО настройки при создании сайта. Также могу помочь посадкой дизайна на Wordpress, Joomla. Плюсы работать со мной: + Готов приступить сегодня + Всегда довожу дело до конца + Не нарушаю сроков + Всегда на связи WhatsApp, Telegram (+79202957810) + Пошаговое согласование, вы контролируете каждый этап разработки и получаете сразу правильный результат.. + Адекватная цена. Остались вопросы? Свяжитесь со мной в течение суток и в качестве бонуса получите бесплатную консультацию по всем вопросам. Напишите или звоните! Whats App +79202957810 Почта - [email protected] Instagram - https://www.instagram.com/dk_webdesign_/

Евгений

19 Маусым, 2021

Хотите иметь свой чат с живой, целевой аудиторией, в котором Вы сможете регулярно рекламировать свой продукт и получать стабильный поток новых клиентов? Предлагаем услуги инвайтинга в Telegram-чаты! Подробнее: Создаем чат, в описании рассказываем о Вашем продукте. Выбираем тематические чаты, группы (например группа Вашего конкурента) Парсим с этой группы контакты пользователей, которые находятся в чате. Далее с помощью программы начинаем добавлять в Ваш чат этих пользователей. Конечно, некоторые будут с него выходить, но подавляющее большинство будет оставаться в чате т.к. они уже состоят в похожем, а значит тематика им интересна! Разумеется, увидев у себя сообщения из нового чата, потенциальные клиенты будут смотреть описание, что это вообще за чат, в который их добавили. Открыв описание, они будут видеть описание Вашего продукта. И если правильно все оформить, более 90% будут оставаться в чате! Уже на этом этапе некоторые обрататься к Вам и Вы получите целевые лиды. Но дальше начинается самое интересное! Ведь те, кто сразу не обратился к Вам, чтобы заказать Ваш продукт-все еще остаются в чате и продолжают быть Вашей целевой аудиторией. А это значит, что в нем можно продолжать выкладывать посты, рекламировать продукт, устраивать акции и т.д. При правильном подходе, такой чат можно превратить в мощнейшую машину по генерации целого потока новых клиентов, добавляя все новых и новых пользователей. Не говоря уже о том, что владельцам крупных чатов регулярно поступают предложения прорекламировать продукты из смежных тематик в своем чате. Как использовать эту машину трафика-уже решать Вам. Со своей стороны мы поможем Вам ее создать! Интересуют подробности? Свяжитесь с нами! E-mail: [email protected]

Александр

21 Маусым, 2021

Приветствую! Отправим Ваше коммерческое предложение владельцам/администраторам более 800 000 сайтов! Несколько преимуществ при сотрудничестве с нами: - Приятные цены - нам выгодно, чтобы клиент получал прибыль, значительно превышающую стоимость рассылки и обращался повторно - Все максимально прозрачно: Предоставим скриншоты из софта, с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. - В отличие от большинства наших конкурентов, оплата ТОЛЬКО за УСПЕШНО доставленные сообщения. Теперь перейдем к гарантиям. Мы понимаем, что в интернете встречается всякое, поэтому чтобы Вам было спокойнее: 1)Перед рассылкой мы предоставим скриншот из программы с Вашим проектом, подтверждающий готовность к запуску 2)Во время рассылки у Вас будет доступ к обратному емайлу, чтобы Вы могли отслеживать процесс рассылки в онлайн-режиме 3)По завершении рассылки отправим скриншоты с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. Свяжитесь с нами в течении суток и в качестве бонуса, получите бесплатное составление оффера для Вашей рассылки! Наш E-mail: [email protected] ВАЖНО: Пожалуйста, в сообщении указывайте Ваш контактный ватсап либо телеграм, для удобной и более оперативной связи. Названивать или использовать Ваши контакты для какой-либо другой цели, кроме оперативной связи мы не будем. P.S. Извините за беспокойство, если мы с Вами уже сотрудничаем. С Уважением, команда FormMarketing

Дмитрий

22 Маусым, 2021

Приветствую! Отправим Ваше коммерческое предложение владельцам/администраторам более 800 000 сайтов! Несколько плюсов при сотрудничестве с нами: - Приятные цены - нам выгодно, чтобы клиент получал прибыль, значительно превышающую цену рассылки и обращался повторно - Все максимально прозрачно: Предоставим скриншоты из программы, с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. - В отличие от большинства наших конкурентов, оплата ТОЛЬКО за УСПЕШНО доставленные сообщения. Теперь перейдем к гарантиям. Мы понимаем, что в интернете встречается всякое, поэтому чтобы Вам было спокойнее: 1)Перед рассылкой мы предоставим скриншот из программы с Вашим проектом, подтверждающий готовность к запуску 2)Во время рассылки у Вас будет доступ к обратному емайлу, чтобы Вы могли отслеживать процесс рассылки в онлайн-режиме 3)По завершении рассылки отправим скриншоты с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны. Свяжитесь с нами в течении суток и в качестве бонуса, получите бесплатное составление оффера для Вашей рассылки! Наш E-mail: [email protected] ВАЖНО: Пожалуйста, в сообщении указывайте Ваш контактный ватсап либо телеграм, для удобной и более оперативной связи. Названивать или использовать Ваши контакты для какой-либо другой цели, кроме оперативной связи мы не будем. P.S. Извините за беспокойство, если мы с Вами уже сотрудничаем. С Уважением, команда FormMarketing