- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 11 Маусым, 2021
Фин мектептерінде қандай артықшылықтар бар?
Филляндия елінің мұғалімдерінің жалақысы 3000-3800€ көлемінде.
Салық 34-42% ұсталып,қолына таза келетін қаржы 1980-2204€.
Кез келген ұстаз мектепте тегін тамақтанады.
Оқушылар дем алған кезде мұғалімдер де бірге дем алады,барлық дем алыс күндері 92- 104 күнді құрайды.
Еңбек ақылары 12 айға бөлініп,тең төлене береді екен.
Бірақ бұл еңбек ақы директормен ұстаз арасындағы еңбек шартында көрсетілген барлық шарттар орындалған кезде жəне екі жақтың келісімі бойынша,ұстаздың біліктілігі мен білімділігі мектеп сұранысын қанағаттандырған жағдайда ғана төленеді.
Еңбек шартын,заңдылықтарды қадағалайтын мұғалім қауымдастығынан жəне ата-аналардан құрылған топ қадағалайды.
Осы топ басшысына өзінің оқыту жүктеуіне қосалқы 4 сағат əкімшілік жұмыстары үшін төленеді.
Өйткені мектепте завучтар жоқ.
Олардың орнында осындай 5-6 жұмысшы тобы құрылып,олар əкімшілік,бюджет,транспорт,мектептің басқа да əлеуметтік жұмыстарын шешіп,қадағалайды.
Фин елінің мектептерінде "Өздерін өздері бағалау жəне басқару" системасы жүйеленген.
Ол жүйе толықтай сенімге бейімделген.
Осындай əкімшілік жұмысты қосалқы алып жүруді əрбір ұстаз беделді болу үшін,өздері қызмет ететін мектептің жағдайы үшін жасайтынын айтты.
Əрбір ұстаз өздерін ұжымның бөлігі ретінде сезінуі аса қажет нəрсе.
Финляндия мектептерінде əрбір сабақ 45 минуттан жəне 15минут үзіліс міндетті түрде.
Осы үзілісті мұғалім қауымы өздерінің қалаулары бойынша газет журнал қарап,кофе шай ішіп,жай əріптесімен əңгіме дүкен құрып өткізуге тырысады.
Сабақ үстінде оқушыларына еркіндік жəне нəтижелі жұмыс істеуге,топтық жұмыстың жақсы тұстарын үйретеді.
Балалардың физикалық эмоциялық көңіл күйлеріне байланысты сабақ барысын жоспарлап,аса бір қызығушылықпен нəтижелі өткізуге тырысады.
Балалармен парк аралап,табиғатты тамашалау да өз жемістерін берген.Фин балалары халықаралық PISA тестілерінде алдыңғы орындарда.
Осының өзі Финляндия елінің білім жүйесі "БАҚЫТТЫ БАЛА ", "БАҚЫТТЫ ҰСТАЗ" ,"БАҚЫТТЫ АТА-АНА" болу үшін ыңғайластырылғандығын көзбен көріп,көкірекпен сезініп,санаммен зерделеп келдім....
Ал,енді біз не істейміз???
Білімсіз Финляндия азаматы өзінің еліне 1600€ ай сайын шығын əкеледі екен....
Осыны санап үйренген Финляндия елі білім саласына аямай қаржы тартып,келешек үшін Ұстаз мамандығының ұлылығын арттырып,мектептеріне жағдай жасаудан жалықпайды екен.
Ата-ана да тəрбиеге өте мықты көңіл бөліп,балаларының болашағына бейқам қарамай,қазіргі уақытты болжап,балаларын шынайы өмірге бейімдеуге жалықпайды!!!
Иə,дəл солай!!!
Өзіміздің елде 3-4 дипломы бар,сапалы білімі жоқ, жұмыссыз жастарымыздың елімізге қаншама шығын əкелетінін санап көрсек қайтеді???
Қызық,қандай сан шығар екен.....
Kulyanda Baturbekovaның фейсбук парақшасынан
857 рет
көрсетілді0
пікір






