Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Маусым, 2021

Психологиялық тест. Суретке қарап, өзіңді таны

Суретке қарағанда ең бірінші нені көрдіңіз? 

Нота. Бірінші үлкен нотаны көрсеңіз - сіз үйлесімде өмір сүретін адамсыз. Нота өміріңіздің саз аспабындай екенін бейнелеп тұр. Бүгін қандай аспапта ойнайсыз тек өзіңіз шешесіз. Сіздің жаныңызда ешқашан көңілсіз отыру мүмкін емес. Музыканы түсінесіз. Өзіңізге де, айналаңызға да әрқашан естен кетпестей қуаныш сыйлай аласыз. Өміріңізде бас айналардай бақытты сәттер де, құлдырау да болып тұрады. Бірақ сіз өзіңіздің жақсы мінез, ақылды әрекеттеріңізбен барлық сәтсіздікті еңсересіз.

Есік. Суретке қараған бойда назарыңыз есікке түссе, бұл - сіздің кітап секілді адам екеніңізді білдіреді. Демек, сіз өте аңғарымпаз ерекше адамсыз. Сіздей адамдар қазір аз. Жұрт бойындағы өздері байқамайтын қасиетті байқайсыз. Болмысыңыз жұмбақ, тұйық адамсыз. Айналаңызға сыр алдырмайсыз. Бұл мінезіңізге көпшілік қызығып, сізге магнитше тартылады. Өмірді өзгерту қолыңыздан келеді. Бірақ ол үшін алдымен өзіңіз де ашылып, өзгерісті өзіңізден бастауыңыз керек. 

Сары түс. Ең бірінші сары түс көзіңізге түссе, онда сіз күн секілді адамсыз. Айналаңыздағы адамдар әрқашан сізге үйіріліп, жаныңыздан табылуға тырысады. Сізден махаббат, мейірім шуағы төгіліп тұрады. Кез келген адамға ешбір есепсіз көмектесесіз. Сіз жаныңыздың жылылығымен көп адамға жылу сыйлайсыз. Нағыз күн секілді ғажап жансыз. 

 

1646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз