Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Маусым, 2021

Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті өтеді

Джо Байден мен Владимир Путин екіжақты қатынастардың жағдайы мен болашағы, стратегиялық тұрақтылық мәселесі мен күн тәртібінде тұрған өзге де өзекті сауалдарды талқылайды.

Әлем көз тіккен шарадан ақпарат тарату үшін 44 елдің 1200-ден аса тілшісі Швейцария Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтті. Арасында "Хабар 24" арнасының  Еуропадағы тілшісі де бар.

Ел билігі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті. Әскери-әуе күштері Женеваның әуе кеңістігін күзетіп жүр. Кешеден бастап бүгінгі кешкі беске дейін саммит өтетін ауданда аспан жабық болады. Ал жердегі қауіпсіздікті бір мыңнан аса тәртіп сақшысы қадағалайды. Қала әкімшілігі тұрғындарды саммитке байланысты туындайтын қиындықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.


Дереккөз: 24.kz

 

370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *