Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Маусым, 2021

Бүгін Байден мен Путин кездеседі

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қаншада басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.35-те) басталады деп хабарланды. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Делегациялар қатысатын Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді.

Ақ үй мәліметінше, Байден Путинмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

952 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз