Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 18 Маусым, 2021

Шығыстағы жаңалықты фотосуретпен жеткізген...

Тілеубек Шаяхмет Шығыс Қазақстан облыстық «Didar» газетінде фототілші, әрі республикалық "Фотоөнер" ҚБ-нің, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Фотожурналистика саласында еңбек еткен уақыттан бері бірнеше фотоэкспедицияларға, фотокөрмелерге қатысты. Жетістіктерінің ең негізгілерін атап өтсек: 2018 жылы «Астана әлем фотографтарының көзімен» атты халықаралық фотофестиваліне қатысып «Болашаққа көзқарас» атты номинациясы бойынша марапатталды. 2019 жылы «Киелі Алтай: Берел-2019» фотоблог турдың ұйымдастырушыларының қатарында болады. Әр экспедициядан соң ұйымдастырылған көрмеге қойылған суреттері көрерменнің ықыласын ерекше аударды. Ал фотобайқауларда жүлделі бірінші орындардан түсіп көрмеген. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының иегері атанды. Сол жылы Журналистер Одағының Рақымжан Ханалы атындағы арнайы жүлденің иегері болды.

Оның шығармашылық облыстың бүгінгі күнделікті жаңалықтарына құрылған фоторепортаждардан, ақпараттық фотолардан тұрады. Бос уақытында Шығыстың сұлу табиғаты мен Өскеменді әр қырынан таспаға түсіріп тұрады. Көпшілік оқырман фотожурналист Тілеубекті газет-журналдармен қатар, әлеуметтік желідегі бөліскен суреттері арқылы жиі таниды.

Суреттерді түсірген-Тілеубек Шаяхмет

1360 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Гаухар

18 Маусым, 2021

Жұмысын алға бассын, еңбегіннің жемісін көр, фотограф номер 1

Тілеубек

22 Маусым, 2021

Рахмет, Гаухар!