Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Маусым, 2021

«Дала күні» аграрлық сала мамандарын жинайды

Қазақстанда агроөнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы ең асыға күтілетін және ауқымды іс-шара - Дала күніне дейін бір айдан аз уақыт қалды!

Бұдан бұрын хабарланғандай, үш күн бойы, 2021 жылғы 14-16 шілдеде соңғы жылдардағы АӨК-нің маңызды оқиғаларының бірі – «Jana Dala/Green Day 2021» Дала күні өтпекші. Іс-шара Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында, өңірдің озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – «Еңбек» ЖШС негізінде өтпекші.

Дала күні - бұл қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, заманауи жоғары өнімді техниканың ең ірі демонстрациялық алаңы, отандық және шетелдік фермерлер арасында тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды дамытуға ыңғайлы орын.

Іс-шараға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 150-ден астам компаниясы қатысуды жоспарлап отыр. 5 мыңнан астам АӨК кәсіпқойлары, облыс және аудан әкімдіктерінің ресми делегациялары қатысады деп күтілуде. Дала күнінде 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылатын болады.

Таяуда аяқталған егіс науқаны барысында демонстрациялық алаңдарда болашақ «Jana Dala/Green Day 2021» қатысушылары 70 мөлдек алаңға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен сұрыптарының тұқымын сепді. «Қазақстандағы AMAZONE» компаниясы егіс науқанының демеушісі болды.

Іс-шара аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер мен шебер-кластар жоспарланған, онда қатысушылар ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылай алады. Жеке блок ретінде «Qaqaz Organic Food» халықаралық конференциясын, сондай-ақ қазақстандық органикалық өнімдер көрмесін өткізу жоспарлануда.

«Jańa Dala / GreenDay 2021» «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрсетілім-көрмесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «Өсімдік шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «GreenDay» - Органикалық өндіріс блоктарында заманауи технологиялардың толық циклін ұсынбақ. Алғаш рет «Greenday» - орталықтандырылмаған энергиямен жабдықтау» блогы ұсынылатын болады.

Іс-шараны қолдағандар: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ақмола облысының әкімдігі, «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» РҚБ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Qazaqstan Organic Producer Union» органикалық өнім өндірушілер одағы, «KazGrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» ЗТБ, Халықаралық Ислам Тамақ Өнеркәсібі Қауымдастығы IFPA, «Қазақстанның май-тоң май одағы» қауымдастығы» ЗТБ және т.б.

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз