Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Маусым, 2021

Жамбыл облысының экономикасына 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

21 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында облыстың ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Аймақ басшысының айтуынша, пандемиялық және карантиндік шаралардың кері әсеріне қарамастан, мемлекет басшылығының қолдауының арқасында есепті кезеңде Жамбыл облысының экономикалық өсімі 101,6 пайызды құрап, оң динамика сақталып отыр.

«Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7 пайызға өсіп, 230,3 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығы – 2,9 пайыз (55,1 млрд. теңге), құрылыс – 6,5 пайыз (31,4 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 204,3 мың шаршы метрді құраса, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан», - деді Бердібек Сапарбаев.

Негізгі капиталға салынған нвестицияда айтарлықтай өсім байқалады десек, ол бойынша көрсеткіш - 21,1 пайызға өскен. Осылайша, аймақ экономикасына 98,2 миллиард теңге тартылған.

«Жыл басынан 436 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылуда, бүгінге оның 74,1 млрд теңгені құрайтын 5 жобасы орындалған», - деп толықтырды аймақ басшысы.

1085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз