Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2021

Коронавирус: Елордада Үнді штаммы анықталды

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

«Нұр-Сұлтан қаласында КВИ-мен ауырған науқастан алынған оң зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу нәтижесінде «дельта» штаммына немесе Үнді штаммына тән ықтиамал мутация анықталды. Коронавирустың «дельта» штаммы жоғары жұқтырғышқа ие және штамм анықталған науқастардың 60 пайызында ол 7 күнге дейінгі барынша қысқа инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді. 

Таяуда жүргізілген зерттеулер коронавирустың Үнді штаммы емханаға түсу және өлім-жітімнің жоғары болуымен байланысты екендігін көрсетті», - деді министр. 

Сонымен қатар оның айтуынша, бұл мутацияны жұқтырғандарда буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетін жоғалту сынды қосымша симптомдар тән болып отыр. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, SARS-CoV-2 «дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталып отыр. 

Үнді штаммына тән жұқтырғыштық, аурудың ауыр өтуі сынды мәліметтерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың жеткілікті қорын, өкпені жасанды желдету аппаратына арналған шығыс материалдарын, жеке қорғаныш заттарын, резервтік төсек-орын қорын қамтамасыз етіп, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі мен ұтқыр бригадаларды дайындыққа келтіруі қажет», - деді Алексей Цой.


 

 

133 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *