Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Маусым, 2021

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 5 042 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 21 маусым күні 5 042 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 маусым аралығында қалада барлығы 380 382 адамға екпе салынды. Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. «Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 69 168 дозасы және екінші компоненттің 101 736 дозасы бар», - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз