Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Маусым, 2021

Түркияда комендаттық сағаттың күші жойылады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі бірқатар шектеулердің алынып тасталатынын мәлімдеді.

Hurriyet газетінің хабарлауынша, Түркия жұмыс күндері сағат 22.00-ден бастап күшіне енетін коменданттық сағаттың, сондай-ақ жексенбідегі локдаунның күшін жойды.

1 шілдеден бастап қалааралық және қалалық қоғамдық көліктердің қатынасына жол ашылады.

Сәуір айында коронавирус инфекциясының жиілеуіне байланысты бұл елде тәулік бойғы коменданттық сағат енгізілді.

Пандемия басталғаннан бері Түркияда коронавирус инфекциясының 5 370 299 жағдайы анықталды, 49 185 адам қайтыс болды.

781 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз