Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Маусым, 2021

Әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Дүниежүзілің таеквондо федерациясы (World Taekwondo) Қытайдың Уси қаласында өтуі тиіс Таеквондодан әлем чемпионаты кейінге шегерілгенін растады.

Уси үкіметінің өтініші бойынша 2021 жылғы Әлем чемпионаты кейінге шегерілді. Федерация президенті мен WT Кеңесіне сайлау жоспарға сәйкес өтеді, бірақ онлайн форматта.

WT Кеңесі Қытайдың қазіргі саясаты көптеген командалардың елге кіре алмайтындығын немесе бірнеше апта бойы карантин жариялауға мәжбүр болатындығын талқылады. Сондықтан Уси үкіметімен бірге чемпионатты ағымдағы жылдың қазан айында өткізу орынсыз деп шешілді. Турнирді кейінге қалдыру туралы шешімді WT Кеңесі бірауыздан мақұлдады. Нақты күні өз уақытында шешілетін болады.

Бас ассамблея бетпе-бет болмаған жағдайда, федерация 11 қазанда ХОК, ASOIF және басқа да көптеген халықаралық бір жарым жыл бойында қолданып жүрген, өз саласында жетекші болып үлгерген «Lumi» жүйесін қолдана отырып виртуалды сайлау өткізеді.

Сайлауға қатысуға өтініштер берудің соңғы мерзімі 11 шілде. Гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін әр континентальды одақтан кем дегенде бір әйел WT Кеңесіне сайланады. Сонымен қатар, ең көп дауыс жинаған әйел үміткер вице-президент болып тағайындалады.

WT Президенті Чунгвон Чо:

«Таеквондодан әлем чемпионатын кейінге шегеруге тура келеді, бірақ бұл барлық қатысушылардың қауіпсіздігін және спортшыларымызға бірдей жағдай жасайтын дұрыс шешім деп сенеміз. Біз 2022 жылғы әлем чемпионатын одан да зор толқыныспен күтетін боламыз. Бұл уақытта бізді көптеген керемет оқиғалар күтіп тұр, атап айтқанда Токиодағы Олимпиадалық жіне Паралимпиадалық ойындар. Токиода әлемнің ең мықты спортшыларының өнерін көруге аз уақыт қалды. Олимпиада ойындарында 61 елден 130 спортшы және босқындар Олимпиадалық командасы бақ сынайды, ал 37 мемлекеттен 72 спортшы Паралимпиадада алғашқы рет қатысатын болады. Біз олардың өздерімен және біздің спортпен мақтанатындығына және бүкіл әлемге таеквондоның ең жақсы қасиеттерін көрсететініне сенімдіміз».

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз