Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Маусым, 2021

Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты

Өзбекстан елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан Ауғанстанмен шекарасын уақытша жабады. Сәйкес шешімді Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады.

 «Арнайы республикалық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалды есепке ала отырып, өзбек-ауған шекарасы арқылы азаматтардың қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Ауғанстан азаматтарына туристік визаларды беру және туристік фирмалардан визалық өтінімдерді қабылдау тоқтатылды», - делінген хабарламада. 

Ведомство дерегіне сай, коронавирус инфекциясы анықталған Өзбекстан азаматтары арнайы ауруханаларға ем алуға жіберіліп отырады. 

Ал коронавирус анықталған шетелдік азаматтар Өзбекстан аумағына кіргізілмейді. 

Еске сала кетейік, Өзбекстанда КВИ ауруының тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда 3 571 коронавирус жұқтырған науқас жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі.

 

inform.kz


 

 

1052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз