Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Маусым, 2021

Мұнай өнімдерінің көтерме бағасы бір қалыпта тұр - Ə.Мағауов

Мұнай өнімдерінің көтерме сауда бағасы бір қалыпта тұр. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының шалғай аудандарында дизель отыны мүлдем сатылмай отырғаны, кебір жерлерде литріне 300 теңгеге дейін қымбаттағаны, ал сұйытылған газ 10 күннен бері таломен сатылып жатқаны туралы сұрақ қойылды. Өз кезегінде Ә. Мағауов кешеден бері оңтүстік өңірлерде мұнай өнімдерін жөнелту көлемі артқанын жеткізді. 

«1-2 күнде жағдай тұрақтанады деген ойдамыз. Мұнай өнімдерінің көтерме сауда бағасы бір қалыпта тұрғанын айтқым келеді, ешқандай өзгеріс жоқ. Мүмкін жанар-жағармай құю станцияларында өздерінің шешімімен бағаны қойып жатқан шығар. Кейбір отын құю орындары қазіргі жағдайды пайдаланып, бағаны көтеруі ықтимал. Бірақ алдағы уақытта бағаны түсіруге мәжбүр болады. Өйткені көтерме баға өзгермеді, бұрынғы құнымен келеді», - деді вице-министр. 

Сонымен қатар ол мұнай өнімдерін сататын компаниялар арасында баға бойынша өзара келісімдер болып жатса, онда тиісті органдар тексеру жүргізетінін айтты


 

 

103 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *