Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Маусым, 2021

Өрт. Зауыт жұмысы қалпына келтірілді

Қазақ газ өңдеу зауытында өрт салдарын жою жұмыстары аяқталып, кәсіпорын жұмысы толығымен қалпына келтірілді. Қысқа мерзім ішінде зауытты толық қуатта іске қосу үшін қандай жұмыстардың атқарылғаны туралы ҚазГӨЗ директоры Нақберген Төлепов айтып берді.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына үш ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеген 75 маман жұмылдырылды. Зиян келтірілген конструкция мен қосалқы жабдықтың бөліктерінің демонтажы жүзеге асырылды. Жаңа радиаторлар, жылу алмастырғыштар, желдеткіштер, электр қозғалтқыштары ауыстырылды, электр сымдары жүргізілді және т.б.

– Ұжымның үйлесімді іс-әрекеті мен «ҚазМұнайГаз» қолдауының арқасында өрт салдарын толық жойып, кәсіпорын жұмысын қалпына келтірдік, – деп атап өтті Н.Төлепов.

Жүргізілген жұмыстар 100 пайызға шикі газды қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Зауыт қалыпты технологиялық режимге шықты – сағатына 95-100 мың текше метр газ. Еске сала кетейік, 16 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.15 Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты. Өрт сағат 23:52-де толық жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде

192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *