Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 23 Маусым, 2021

ISEN – отбасылық қосымша

Нұр Құтты – өнертапқыш инженер. Көптеген патент пен авторлық құқықтың иесі. Нұр Құттының идеясынан туған тамаша жобаның бірі – ISEN қосымшасы. ISEN – қысқарған сөз. International Social and Education Network деген сөздерден құралған. Яғни, Халықаралық әлеуметтік және білім беру желісі.

ISEN-ді отбасылық қосым-ша деуге болады. Мұнда балаға да, мұғалімге де, ата-анаға да пайдалы әрі қажетті дүние молынан. Қосымшадағы ең негізгі қызметтің бірі – білім беру бағытындағы пайдалы курстар. Мұнда бала физика, математика, химия немесе басқа да пәндерден қосымша материал таба алады. Сонымен қатар, домбыра үйренуге, ІТ және дизайн курсын оқуға мүмкіндік бар. Ағылшын тілін үйренудің жан-жақты мүмкіндігі қарастырылған.

Ең бастысы, мұның барлығы – тегін. Жобаны ЮНИСЕФ қолдап отыр. Сонымен бірге, Нұр АҚШ елшілігіне, Сауд Арабиясына, Түркия басшыларына арнайы хат жазған. Қазір олардан жауап та келіп жатыр екен. Қосымшаның мақсаты – балаларын қосымша ақылы курстарға апаруға мүмкіндік жоқ отбасыларға көмек беру. Нұр мырзадан мұндай қосымша жасауға түрткі болған не жағдай екенін сұраған едік.  

«Ұлым қосымша оқу орталығына баратын. Бір күні баламды алып кетуге келсем, бір баланың анасы оқудың ақысын кейінірек төлеуге рұқсат сұрап отыр екен. «Жалақым түсе салысымен төлеймін» деген әйелге оқу орталығының өкілі онша бір ыңғай таныта қоймады. Егер Алматы қаласының өзінде, тұрақты жұмыс істейтін ата-ана баласының қосымша оқу ақысын уақы-тымен төлей алмай жатса, аймақтардағы жағдай қандай екен деген ойға қалдым. Сондай отбасының балаларына көмектескім келді. ISEN қосымшасын жасау жөніндегі идея осылай пайда болды», – дейді өнертапқыш.

"Ұлан" газеті

 

1182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз