Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Маусым, 2021

Әжбенов азулы қарсыласқа тап болды

Жеңіл салмақта WBC (АВС) Continental чемпионы Нұртас Әжбенов (11-0, 4КО) 10 шілде күні Алматы төрінде ресейлік Иса Чаниевпен (14-3, 6КО) жұдырықтасады.

- Нұртас, көптен күткен жекпе-жек кешіне де аз уақыт қалып отыр. Әлеуметтік желіден байқағанымыздай, жаттығуыңыз жемісті өтіп жатқан сияқты.

- Кез-келген бокс кешіне үлкен дайындықпен келемін. Бұл жолы да жоғары деңгейде дайындық жүріп жатыр деуге болады. Бүгінгі таңда МТК Global Kazakhstan менеджерлік компаниясының жігіттерімен бірге әзірлік жасап жатырмыз. Болат Ниязымбетовтың қол астында жаттығу өткізудеміз. Жоспар бойынша жаттығудың негізгі бөлігі тауда өтіп жатыр. Спаррингтер жасап жатырмыз.

- Қарсыласыңыз Иса Чаниевті қаншалықты зерттеп үлгердіңіз?

- Қарсыласым өте қарымды спортшы. Тәжірибелі. Бапкерлік штабпен толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Кезінде әлем чемпионы атағы үшін Ричард Коммимен жұдырықтасқан. Кәсіпқой бокста өзіндік орны бар. Бұйырса алдағы уақытта жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Жанкүйерлерді қуантып, қазақ еліне қуаныш сыйлаймын деген ойдамын. Сол үшін аянбай еңбек етіп жатырмыз.

Еске салсақ, 10 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде MTK Global Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде Нұртас Әжбеновтен бөлек, Тұрсынбай Құлахмет, Иван Дычко, Талғат Шайкен, Рай Сейітжанов, Бағдат Уайдаев және тағы да басқа жерлестеріміз өнер көрсетеді.

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз