Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда "сақалды құрылыстарға" тексеру жүргізілді

Биыл елордада құрылысы аяқталып, 50-ден астам үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қалада ұзақ уақыттан бері салынып келе жатқан құрылыстарды аяқтау жұмысын жүйелі түрде жалғастырамыз. Құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үй кешендері жылдар бойы тұрып қалды. Олардың ішінде 17 жылға созылған құрылыстар да бар. Әр нысанның жағдайы әртүрлі: бірінде тек қазандығы, ал екіншісінде апатты жағдайдағы қаңқасы ғана бар. «Сақалды» құрылыстың бәріне толық тексеру жүргіздік. 2019 жылы жазда осындай жағдайда тұрған, проблемасы шешілмеген 52 нысан болды. Олар бірнеше көппәтерлі кешеннен тұрады. 

20-дан астам тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің төрағаларымен бірге ең өзекті деген мәселелерді талқыладық. Оның барысында нақты уақытын белгілеп, алдағы жұмыс жоспарын жасадық. Кездесуге «Жеті жол», «Магистральный», «Зере-2», «Арыстан», «Шығыс» (1А, 1В, 2А, 2В), «Баспана Көктал», «Үміт-Береке», «Столичный-2», «Ала Самал» және т.б. ТҚК өкілдері қатысты.

Биыл 50-ден астам үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Бұл 7 мыңнан астам үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Әрбір «сақалды» құрылыс бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын шаралар жоспары жасалған», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

946 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз