Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Маусым, 2021

Шымкентте заңсыз ішімдік өндірген төрт цех анықталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз алкоголь өнімін өндіретін 4 жасырын цех қызметінің жолын кесті.

Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленгені хабарланды. Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленген.

"Шымкент бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш дерек бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, бір дерек бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қолдан жасалған алкогольді ішу мүгедектікке, бүкіл әлем бойынша жүздеген мың адамның өліміне әкелетінін ескертті. 

908 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз