Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 23 Маусым, 2021

Қазақстанда локдаун жариялануы мүмкін бе?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақстанда үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді

Ералы Тоғжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сұрағына жауап берді.

«Бүгінгі күні республика аумағына локлдаун енгізуге байланысты еш мәселе көріп отырған жоқпыз. Ол күн тәртібінде де жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Сөз жоқ, оның бәрін алдын алу шаралары деп айтуға толық мүмкіндік бар. Оның ішінде нақты объектілер мен қызмет көрсету саласына, халық көп жиналатын сауда орталықтарына байланысты қандай шаралар қолға алынғанын өздеріңіз естідіңдіздер. Сондықтан қазір осы шаралар айналасында жұмыс істей береміз. Әрі қарайғы шешім қабылдауымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деп жауап берді Ералы Тоғжанов.

22 маусымда елордада коронавирустың үнді штаммы анықталды.

1100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз