Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Маусым, 2021

60 полиция қызметкері баспаналы болды

Алматы облысында Қазақстан полициясы күніне орай 60 полиция қызметкерлері көптен күткен шаршы метрлеріне ие болды.

Жаңа қоныс иелері мен олардың отбасыларының күлімсіреген жүздері, көптен күткен кілттің сылдыры, өздерінің жаңа үйлерін алғаш рет көрген қуанышты көздер, өз бөлмесінің есігін бірінші болып ашуға таласқан сәбилердің күлкісі, көршілердің бір - бірне айтқан жылы лебіздері - бұның барлығы отбасы банкінің жаңа қоныс иелеріне ортақ сезім.

Алдағы уақытта "оңтүстік өңірдің" аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін Қарасай, Талғар, Іле аудандарында үйлер салу жоспарлануда.

- Мен полицияда 17 жыл жұмыс істеймін, ал бүгін мен үшін және менің отбасым үшін өте маңызды күн - біз 3 бөлмелі пәтердің иесі болдық. Менің 4 балам бар. Әйелім екеуміз баспана сатып алуды көптен армандадық, міне бүгін біздің арманымыз орындалды. Облыс басшылығына, полиция департаментінің бастығына және банк басшылығына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқым келеді, - деді Талдықорған қалалық ПБ кезекші инспекторы Азамат Қалиақбаров.

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз