Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Маусым, 2021

Қазгидромет: Елімізде күн райы құбылмалы болады

Маусымның 24-і күнгі ауа райы болжамын таратқан Қазгидромет мәліметтеріне қарағанда, бүгін республиканың солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. 

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, түнде солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жауын жауады. 

Ал Қазақстанның батыс бөлігінде антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен күн ашық әрі аптап ыстық болады. 

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік пен шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 метр жылдамдықпен есіп, күндіз екпіні 25 м/с болады. 

Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл облысында таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады. 

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.


 

 

91 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *