Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Маусым, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысын өткізді

Мәжіліс төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысын өткізді.

Отырыста депутаттардың жазғы кезеңде өңірлерге шығуы мен «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың жол картасын іске асыру жайы талқыланды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір жекелеген өңірдің проблемаларын шешумен жүйелі түрде айналысуды, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерге жылдам көңіл бөліп, шешу жолдарын ұсыну туралы нақты тапсырма берген болатын.

Оның орындалуын қамтамасыз ету үшін депутаттар әрбір өңірлер бойынша бекітіліп, үйлестіруші топтар құрылды.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы аймақтарға сапар барысында қалалар мен аудандар, халықтың барлық әлеуметтік топтарды, шалғайдағы елді мекендердің барынша қамтылуы қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ, палата спикері партияның «Жол картасы» бағдарламасының мұқият орындалуына назар аударып, орындалу барысында күрделілік тудырған мәселелерді депутаттық сауалдар мен партияның қоғамдық кеңестерінің отырыстарында және Палата комитеттерінің іс-шараларында көтеруді тапсырды.

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз