Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Маусым, 2021

Ауыл әкіміне кандидатты тіркеу тәртібі анықталды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев ауыл әкіміне тіркелу қалай жүргізілетіндігін айтты.

«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады және ол үшін кандидат осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 3 күннен кешіктірілмей тиісінше аудандық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен рәсімделеді. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық сайлау комиссиясына тапсырылады. Ол 3 күн мерзімде ішкі істер қызметкерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың растығын тексереді және тиісті хаттаманы рәсімдейді. Қолдардың растығын тексеру Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажетті анық қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі»,- деді комиссия мүшесі ОСК отырысы барысында.

Оның айтуынша, кандидат тіркелу үшін саяси партиялар ұсынған кезде азаматтың кандидат болуға келісімі, өмірбаяндық деректері, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжат, кандидаттың саяси партияға мүшелігін растайтын құжат ұсынуы қажет.

Ал өзін өзін ұсынған адам кандидат болып дауысқа түсу туралы өтініші, өмірбаяндық деректер, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, сайлау жарнасын енгізені туралы құжат ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болғандығын растайтын аумақтық сайлау комиссиясының анықтамасын да ұсынуы керек.

Ал аудан әкімі кандидатты ұсынған кезде жоғарыда аталған құжаттармен қатар арнаулы ұсынысы қоса берілуі тиіс.

«Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады», - деді Ерлан Дауылбаев.

193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *