Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 25 Маусым, 2021

"Қазақ газеттерінің" журналистері жыл үздігі атанды

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында әдеттегідей, биылғы жыл да «Қазақ газеттері» серіктестігі үшін қуанышты сәттерге толы болды. Қаламын жанына серік еткен әріптестеріміздің адал еңбегі еленіп, бірқатар лайықты марапаттарға ие болды.

Атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясы осымен 12-ші рет ұйымдастырып отырған «Nur Sunqar» республикалық байқауында «Тәуелсіздік тағылымы» номинацисы бойынша «Ана тілі» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай марапатталды.

 

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER - 2021» Ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік аналитикалық материалы»  номинациясын «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы Бас редакторының орынбасары - Дина Имамбаева қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Дәуіржан Төлебаев басшылық еткен «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымы  – еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысына ие болды.

Еліміздің дамуы жолында аянбай қызмет етіп, қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып келе жатқан журналистердің еңбегі  қашанда құрметке лайық. Марапатқа ие болған әріптестерімізге айтарымыз, жазарларыңыз көбейсін, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге шабыт пен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

"Қазақ газеттері" ЖШС

4089 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *