Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 01 Шілде, 2021

Пері қатын...

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 95-ші маусымын режиссер Е.Нұрсұлтанның «Пері қатын» премьерасымен аяқтады. Драмалық шығарма 29-30 маусым күні тетар сахнасында көпшілік назарына алғаш рет ұсынылды.

Б. Брехтің «Есірген шешей және оның балалары» атты пьесасының желісі бойынша қойылған «Пері қатын» спектакліндегі оқиға дәуірмен шектелмеген шартты бір әлемде өтеді. Ол жерді көзге көрінбейтін, мылтықсыз майдан құрсауына алған, ситуация адамдарды күреске итермелейді. Бірақ бұл соғыста жеңуші және жеңілуші тарап бола ма? Әлде тіршілік атаулы түбі жоқ құлқын құрдымына жұтылып тына ма? Қойылым осындай философиялық сұрақтарға жауап іздейді. Шын мәнінде қойылым бүгінгі қоғамдағы шындықпен бетпе бет келген бірегей драма.

Драманы саханаға негіздеген топ: аудармасы А. Ихсан, сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссер Е.Нұрсұлтан, қоюшы-суретші М.Сапаров, балетмейстер-А.Цой, композитор-Б.Нұрқасымов, режиссердің ассистенті-А.Мажит, режиссер көмекшісі-Г.Сейтімбет.   

Елік НҰРСҰЛТАН,

«Пері қатын» драмасының қоюшы-режиисері:

-Бұл үлкен классика. Сондықтан бұл көрерменге ауыр болуы мүмкін. Жалпы, өзі қиын шығарма. Біздің театр Б. Брехтке бара білді. Алдыңғы күні қазақстандағы жалғыз ғана Б. Брехттанушы Болат Атабаев келіп, жақсы бағасын беріп қайтты.

Бұл шығарманың бүгінгі күнмен үндестігі бар. Бірақ, бұл жерде белгілі бір мемлекет туралы айтылмайды. Бастысы адамзат туралы айтылады. Б. Брехт шығармашылық адам, ол не болса да адамзат туралы айтады. Менің миссиям-адамазат туралы айту. Сондықтан да шығармада адамзаттың адамдығы, адамгершілігі, сатқындығы, бір-бірін пайдалануы, жалпы толық адамның проблемасы, адамдардың, құндылықтардың қақтығысы, бәрі бар.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *