Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 17 Шілде, 2021

Табыс, жетістік, байлыққа адам қай кезде қол жеткізеді?

Адамдардың жан дүниесі, тұлғалық дамуы жолында қызмет барысында байқағаным көпшілікке дамуға, оң өзгеріске жоқшылықтың, жағдайдың көп қатысы жоқ.

Қазір маған "жоқ, қалайша, олай емес, ақша, байлық көп нәрсені шешеді" дерсіз..

Өзгеріске, жетістікке, табысқа жетудегі ең басты кедергілерді айтайын. 

- Өзгерісті өзгеден күту. Тек өзіңнен емес. Өзгерісті сырттан біреу қолдан жасап беретіндей бос үміттену. Талап ету.

- Дамуға, өзгеріске қолдау күту. Ыңғайы келетін жағдай күту, зарығу. Басқалардың қолдауы болмаған соң кінәні аудару, қолды сілтеу

- Әр қадамға кепілдік іздеу. Өз өзімізге кепілдік бере алмай отырып, өзгеден өзіміз үшін кепілдік күту

- Өзгерісті сиқырмен, ғажайыппен алмастырып тәтті үміт пен иллюзия құшағында уақыт өткізу. Нәпсіні семірту

- Ішкі күшіңді, ресурсыңды өзгелерге дәлелдеуге жұмсау. Осы арқылы өз маңыздылығыңды, құндылығыңды сезіну

- Жақсы адамның имитациясын жасау. Сырттай бәрін реттеп, пысық түр танытқанмен, ішкі дүние қуыс болып, байыз таппау. Әрқашан әрекеттер бар, бірақ нәтиже жоқ. Шаршау бар, бірақ ләззат жоқ. Ақыл бар, бірақ жемісі жоқ.

- Кінәні өзгеге аудару. Ана жағдай, мына адамдар, травма, жетіспеушілік. Тек мен емес. Маған қатысы жоқ.

- Құтқарушыны күту. Дәрменсіздік. Рухани әлсіздік. Өзіңді жегідей жеп, соның қайтымын күту.

- Жалған ұстаз, жалған білім, жалған жетістіктер құшағында жалған көңілді семіртіп жүре беру.

- Өмірімнің өзгеріс болуына әйтеуір сырттан бірнәрсе міндетті. Тек мен емес. Сонда өмірім де менікі емес пе?

Жан дүниенің шынайы үні - ізгілік пен құндылық. Бұлар тек "Мен" деген, өзін таныған, яғни жауапкершілігі мен иелігін мойнына алған жүректерден шығады.

Өзгеріс жан еңбегі арқылы келеді. Жан-дүниеңізді қорғау, қамқор болу, тазалау - тек өзіңіздің жауапкершілігіңізде. 

Өз көңіл-күйіңіз, психикалық қалпыңыз, эмоция, сезімдеріңізге өзіңіз ғана жауаптысыз. 

Шынайы өзіңді қамшылау мен жігерлендіру - тәртіпке мойынұсынуға жетелейді. 

Байлық, табыс жеңіл келеді деседі. Қай уақытта? Ішкі дүниең толық болғанда...

 

Анар Есен

психолог

@anar_yessen инстаграм парақшасынан 

 

1076 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *