Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 17 Шілде, 2021

Инфляция одан әрі өсуі мүмкін

Таяуда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы биылғы жылдың шілдесіндегі кейбір индикаторларға қатысты кезекті саулнама нәтижелерін ұсынды. Қауымдастықтың бұл зерттеуінде қаржы нарығындағы кәсіби қатысушылардың, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі түйінделген.

Сарапшылар қысқа мерзімді перспективада (төменгі кестелерден көресіз), сондай-ақ келесі 12 айдың көкжиегінде (ағымдағы бағамға +1,6%) теңге бағамының айтарлықтай өзгеруін күтпейді. Дегенмен, соңғы кездегі валюталар құбылуына қарап, өзгерістер болуы әбден мүмкін екенін де жоққа шығара қоймайды.

Байқалып отырған инфля­ция­ның өсуі (маусым айында 7,9%-ға дейін) оның болашақ динами­касын сол күйінде қабылдауға болмайтынын меңзесе керек. Осылайша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның орташа бағасы бұрын 7,1%-дан 7,4%-ға дейін өсті, бұл соңғы 10 айдағы ең жоғары мән болып табылады. Бұл ретте мына мәселеге де назар аударған абзал.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сенбіде (10-шілде) үкіметтің кеңейтілген мәжілісіндегі сөзінде Ұлттық банк пен үкіметтің өзіне де инфляция мәселелерімен тығыз айналысуды тапсырды. «Қазақстандағы ин­фляцияның өсуі еліміздің одан әрі экономикалық дамуы мен әлеу­меттік әл-ауқатына айтар­лықтай қатер болып табылады», – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Айта кету керек, маусым айында жылдық инфляция соның алдындағы айдағы 7,2 пайыздан 7,9 пайызға дейін өсіп кеткен. Көріп отырғанымыздай, инфляциялық күтулер алдағы кезеңде одан әрі жоғарылай түсері даусыз.

Елдің жалпы ішкі өнімі қал­пы­на келуінің өсуін бағалау – шикізат нарығындағы қолайлы бағалар, фискалдық ынталан­ды­рудың ұлғаюы аясында – одан әрі жақсарғанын көрсетіп отыр. Сарапшылардың болжауынша, 12 айдан кейін экономика өсімі 3,9 пайызды (бұрын 3,5% деп бол­жанған) құрауы мүмкін.

Сарапшылар Ұлттық банктің  осы жылдың 26 шілдесіндегі отырысында ынталандырушы ақша-кредит саясатына қатысты қандай да бір іс-қимыл орын алмайды деп болжайды (нақты пайыздық мөлшерлеме оның тепе-тең мәні 3,5-3,7% болған кезде 1,1%-ға тең).

Еліміз Ұлттық банкінің алдағы 12 ай барысындағы базалық мөл­шерлеме бойынша бұдан әрі іс-қимылдарына қатысты болжамдар мәні біркелкі емес күйінде қалады. Осылайша, сұрау салын­ған сарапшылардың 20%-ы база­лық мөлшерлеменің төмендеуін, 33,3%-ы – артуын және 46,7%-ы – сол күйі сақталатынын болжайды. Бұған дейін Ұлттық банк проинфляциялық факторлар тарапынан тәуекелдер орын ала қалған жағдайда ақша-кредит шарт­­­тары­ның қатаңдатылу ықти­мал­дығын жоққа шығармаған.

Сарапшылардың болжауынша, Brent және USDRUB бір жылдан кейін, ағымдағы мәндермен салыс­тырғанда аз ғана, алайда, көп бағытты динамиканы көрсетеді.

Иса ҚАМБАР

tengemonitor газеті

3072 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *