Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайы 17 сағаттық режимге ауысады

21 шілде мен 9 тамыз аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тәулігіне 24 сағаттан 17 сағаттық режимге ауысады. Әуежай ұшатын жолаушыларға рейстердің келу-кету уақытын қосымша нақтылап отыруға кеңес берді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған осы кезеңде ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналдық жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары себепкер болмақ.

«2021 жылғы 21 шілде мен 9 тамыз аралығында әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартылады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11-ден кешкі 18-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар 1 сәуірден бастап барлық авиакомпаниялармен алдын ала келісілді, соған сәйкес олар рейстер кестесін өзгертті. Осыған байланысты барлық жолаушылардан әуежайға алдын ала тіркелуге және авиакомпаниялардың колл-орталықтарында рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

kaz.holanews.kz

1031 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз