Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Шілде, 2021

Дана Нұржігітова Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Еліміздегі Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрында сенатордың қатысуымен кездесу болды. Онда сенатор еліміздің бас балалар театрының жағдайымен танысып, ұжыммен театр өнерін дамыту бойынша негізгі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ театр репертуарының ақпараттық мазмұнын жақсарту және театр ұжымын қазіргі заманғы жағдайға орай дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Сенат депутаты әйгілі театр труппасы мен ұжымының Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени және гуманитарлық саясатын ілгерілету ісіне қосқан маңызды үлесін атап өтті.

Дана Нұржігітова сапар барысында ALMAU университеті мен Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінде болды. Жүздесулер кезінде «Жас маман» жобасы талқыланып, жас мамандардың еңбек нарығындағы халықаралық талаптарға сәйкестігі мәселесі көтерілді.

Қ.Сәтпаев атындағы университетінің келесі оқу жылының басталуына дайындық деңгейімен танысып, университеттің оқу корпустары мен жатақханаларын аралап көрді. Университет басшылығымен кездесу барысында депутат вакцинация процесін сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат сонымен қатар Алматы ЖЭО-да да болды. Кездесулер барысында еліміз Президентінің ЖЭО блоктарының бірінің жұмысын 2023 жылға дейін газға көшіру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру және оған инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

 

311 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *