Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Шілде, 2021

Дзюдошыларымыздың қарсыластары анықталды

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды.

Әйелдер

48 келі

Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Янянь. 

60 келі

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі

Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі

Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі

Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесуде моңғолиялық Саид Моллаимен жолығады.

90 келі

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *