Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 22 Шілде, 2021

Қазақстан автомат пен ұшақ шығаруға қауқарлы ма?

Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады. Мәскеу маңындағы Жуковскийде өтіп жатқан МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

"Қазақстан "Байкал" ұшағын шығаруды, Калашников автоматын құрастыруды, сондай-ақ авиациялық техника компоненттерін шығаруды бастайды", - делінген хабарламада.

Қару "ТЫНЫС" АҚ зауытында шығарылады: МАКС-2021 шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында Калашников автоматтарын жасау туралы шартқа қол қойылған. Жобаның операторы "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ компаниясы. АК-12 және АК-15 сияқты заманауи атыс қаруын бірлесіп өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық тамызда басталады.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан-Ресей кооперациясы шеңберінде "Байкал" көп мақсатты ұшағын жасау жобасында "Қазақстандық авиациялық индустрия" қазақстандық авиациялық өндіріс кәсіпорнын сатып алуға келісімшартқа қол қойған.

Қазақстан тарапынан жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі  - миллиард рубль (5,7 миллиард теңге). Оның орнына Қазақстан жобадағы миноритарлық үлесті және осы ұшақтарды өндіруге лицензия алады.

669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз