Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Шілде, 2021

Жамбыл ауданында отандық өнім өндірілетін болады

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық бұйымдар мен қатар, шикізат та өндіретін болады. Қазір кәсіпорын жаңа кешеннің құрылысымен айналысуда.

Кешен іске қосылғанда ауылшаруашылық, жол, құрылыс заттарынына қажетті шикізаттар нарыққа шығарылады. Қазірдің өзінде өнеркәсіпорнында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Жылына мұнда 15 млн дана бір реттік медициналық бұйымдар шығарылады. 

Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өзімізге және көршілес мемлекеттерге де экспорттайды.

Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бір реттікс терильдіемес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақтар жиынтығы өндіріледі.

Сондай-ақ жұмысшыларға да жағдайжасалған. Жаңадан орналасқан азаматтар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйренеді.

Тағы бір айтакетерлігі жұмыс беруші балалар үйінен шыққан, тұрғынүйі жоқ жандарға зауыт ішінен салынған жатахана мен асхана тегін қызмет көрсетеді.

Кәсіпорын директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, осы күнге дейін медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдайтын болса, енді сол шикізатты өндіру үшін зауыттың аумағында үлкен кешеннің құрылыс жұмысы басталған.  Қажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 млрд теңге жұмсалыпты.  Келер жылдың мамыр айында іске қосылатын кешенде 100-ге жуық адам еңбек етеді деп жоспарлануда.

943 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз