Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Шілде, 2021

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақта сынға түскен Елдос қола үшін жекпе-жекте Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді.

Еске сала кетсек, Елдос Сметов жартылай финалдық айқаста жапондық Наохисе Такатоға жол берді.

Елдос 2016 жылғы Олимпиадада дәл осы салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Әлем чемпионы (2015), Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы. Ал Наохиса Такато Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты бәсекесінде қоланы қанағат тұтқан болатын.

330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *