Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Шілде, 2021

Елбасы Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді қызметіне табыстар тіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарын дәйекті нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті, - делінген хабарламада.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының жоғары деңгейін және оны екі ел халықтарының мүддесі үшін одан әрі дамытудың кең перспективаларын атап өтті.

 

981 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз