Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Шілде, 2021

Отандық телеарналар спорттық сындарды неге тікелей эфирде көрсете алмады?

Qazaqstan телеарнасы Токио Олимпиадасының бүгінгі көрсетілімінде неге қазақстандық спортшылардың жарысы қамтылмағанын түсіндіріп, мәлімдеме жасады.

«Құрметті көрермендер!

Токиодағы Олимпиада ойындарын көрсету құқығы жарыстардың басында алынғандықтан, спорттық сындардан тікелей көрсетілім ұйымдастыруда белгілі бір қиындықтар бар. Құқықты сатып алмай тұрып сигналды қабылдайтын жабдықты тексеру және сынақтан өткізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын-ала дайындалуға мүмкіндігі болмады. Техникалық ақаулардың пайда болу қаупін ескерсек те, бүгінгі Олимпиада бағдарламасы хабар тарату кестесіне енгізілген болатын. Алайда біздің отандастарымыздың кейбір жарыстарын жанкүйерлер тікелей эфирде көре алмады», - делінген мәлімдемеде.

Арнаның ресми мәліметі бойынша ел аумағында Токиодан тікелей көрсетілім ұйымдастыратын «Хабар» және Ұлттық арна мамандары қазір аталған кемшілікті жоюға кірісіп кеткен. Бұл жұмыстар 3 күнге дейін созылуы да мүмкін.

«Қазақстан» ТРК АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлері кемшіліктерді түзету үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға тырысып жатыр. Сынақ режимінде сигнал алу бір-екі күнге созылуы мүмкін екенін еске саламыз. Егер мәселе ертерек шешілсе, ол туралы ресми парақшаларымыз арқылы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

 

1543 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз