Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Шілде, 2021

Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері не туралы сөйлесті?

Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.
 

516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз