Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Шілде, 2021

Таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға өтті

Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға шықты.

 Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Оған Германиядан келген Александр Бахманн қарсылас атанды. Сайыс барысында Руслан қарсыласынан 11:7 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.

Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Еліміздің атынан 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды. Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз