Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Шілде, 2021

Қытайда коронавирус қайта өршіді

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, жаңа жағдайлардың 40-ы ел ішінде, қалғаны келушілер арасында анықталған.

39 жағдай Цзянсу провинциясында, оның астанасы Нанкин, ал біреуі Ляонин провинциясының солтүстік-шығысынан тіркелді.

Осыған байланысты Нанкинде ондаған мың адам оқшауланған, өйткені қала билігі 9,2 миллион тұрғынды коронавирусқа тексеріп жатыр. Үкімет сонымен бірге бір ауданда COVID-19 қауіп-қатерін жоғары деңгейге, ал басқаларында орташа деңгейге көтерді. Жолаушыларды тасымалдауға арналған такси мен басқа көліктерге қаладан шығуға рұқсат етілмейді, ал 27 шілдеден бастап қала аралық автобустардың сегіз аялдамасы жабылады. Бұл қадам метро желісі тоқтатылып, жаңа кластерді бақылау үшін басқа шаралар қабылданғаннан кейін пайда болды.

https://kaz.tengrinews.kz/userdata/u279/2021-07/resize/9877c999e9f771ee49d6714a6193f702.jpeg

 

Қытайда симптомсыз жағдайлардың саны бір күн бұрын 24 жағдайдан 17-ге дейін өсті. Симптомсыз жағдайлардың ішіндегі төртеуі жергілікті инфекциялар болды. Оның біреуі Цзянсуда, біреуі Гуандунда, біреуі Аньхой провинциясында және біреуі Сычуань провинциясында тіркелді.

Қытайда расталған жағдайлардың жалпы саны - 92,605, ал өлім саны 4636 деңгейінде.

Бұған дейін Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған COVID-19 шығу тегі туралы тергеудің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Бейжің ДДСҰ тергеу жоспарының тұжырымдарын "ақылға қонымсыз және ғылымға қарсы",- деп санайды.

947 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз