Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Шілде, 2021

Әуежай мен темір ол вокзалдарында коронавирусқа қарсы тексеру күшейді

ҚР ​Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР анықтамаларын және вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша барлық шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.​

Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.​

Еліміздің әуежайлары мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.​

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетіне демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады.

Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты.

– Олар ұшаққа жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді О. Бекеев.

ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *