Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Шілде, 2021

Токио-2020: Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан теннисші Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық теннисші 1/8 финалда хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасты. Қарсыласын екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Енді ол испаниялық Гарбинье Мугурусомен тайталасқа түседі. Айта кетейік, алғашқы кездесулерінде ол австралиялық Саманта Стосур (6:4, 6:2) және швециялық Ребекка Петерсон (6:2, 6:3) сынды қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасында бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ, бүгін Михаил Кукушкин ерлер арасында 1/8 финалда беларусьтік Илья Ивашкоға есе жіберді. 

 

747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз