Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Шілде, 2021

Түркістан тұрғынан 5 келі марихуана табылды

Түркістан полицейлері автокөліктен 24 дана сіріңке қорабы мен бес полиэтилен пакетіне салынған есірткіні тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында полиция департаментінің айтуынша, Кентау қаласы көшелерінің бірінде ВАЗ автокөлігі заңсыз қосымша дыбыс орнатып полицейлерге бағынбай құқықбұзушылық жасағанын айтты. Алайда полиция қызметкерлері орта жастағы азаматтың бұл іс-әрекеттеріне бей-жай қарамай құқықбұзушыны тоқтатып, тексеріс жүргізді.

«Тексеру барысында тәртіп сақшылары автокөліктің артқы жағынан 5 дана полиэтилен пакетіне салынған және 24 дана сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас затты тәркіледі. Осылайша алынған заттарға сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы бес келі болатын марихуана екені белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», – делінген хабарламада.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді.

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз