Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Шілде, 2021

«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан уақытымен 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні алматылық «Қайрат» Белградта жергілікті «Црвена Звездаға» қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуін өткізеді.

Бір апта бұрын алматылықтар өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі кезеңге өту үшін «сары-қараларға» ең кемі жеңілмеу керек.

Алайда, «Қайрат» командасына коронавирус жұқтырып алған негізгі қақпашы Стас Покатилов көмектесе алмайды. Ғафуржан Сүйімбаев, Небойша Косович секілді мықты футболшыларымыз да Белград алаңында өнер көрсетпейді.

«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының тікелей көрсетілімі елорда уақытымен 0: 0-да басталды. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады. 

980 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз