Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Шілде, 2021

Рыбакина: "Финал үшін барымды саламын"

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалында испаниялық  Гарбинье Мугурусаны жеңгеннен кейін  сұхбат берді.

«Испандық теннисшіге қарсы ойнау жеңіл соқпайтынын басынан білдім. Сондықтан, алғашқы минуттардан бастап көп күш жұмсамауға, қарсыластың көп қателесуіне және сол қателіктерді ұтымды пайдалануға тырыстым»,- дейді қазақстандық тенисші.

Ол жартылай финалда қарсылас атанған Белинда Бенчичпен бұрын ойнамағанын айтты.

«Швейцариялық теннисшімен бұрын жаттығу өткізгеніміз болмаса, бір-бірімізге қарсы ойнамағанбыз.  Бірақ, мен финалға шығу үшін бар күшімді саламын», - дейді Рыбакина.

842 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз