Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Шілде, 2021

Тоқаев этномедиация институтын дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды. Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *