Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Шілде, 2021

Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 29 шілдеде 1 151 атыраулық «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін ектірген. «Елімізде жаппай вакциналау басталған 1 ақпаннан 29 шілде аралығында 140 506 адам «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін салдырды. Вакциналардың II компонентін алған адамдардың саны 93 256-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.

751 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз